Accessibility links

Түркия Сириямен шекарасын күшейтіп жатыр


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркияның мемлекеттік телеарнасы әскерилердің елдің Сириямен шекарасына әуе шабуылынан қорғаныс кешендерін орната бастағанын хабарлады.

Өткен жұмада Сирия әскерилері Түркиямен шекаралас Жерорта теңізінда "шекараға еніп кетті" деп Түркияның жойғыш ұшағын атып түсірген еді. Бірақ Түркия ұшақ шекара бұзбағанын, тек әскери жаттығу жасап жүргенін айтқан. Бұдан екі күннен соң осы оқиғаға орай НАТО-ның төтенше жиыны болды.

Хабарларға қарағанда, Түркия шекараға әуе шабуылына қарсы бірнеше зениттік құрал мен бір зымыраннан қорғаныс кешенін орнатып жатыр.

Сәрсенбіде Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған соңғы кезде Сирия тікұшақтарының елдің әуе кеңістігін бес рет бұзып кіргенін алға тартып, Анкараның Сирия әскерилерінің шекарада заң бұзғанына төзе алмайтынын мәлімдеген.

Сирия әскерилерінің бұған қоса қақтығыстардан Түркияға бас сауғалаған сириялық босқындарға оқ атқаны да хабарланды.
XS
SM
MD
LG