Accessibility links

ЕО экономиканы көтеруге 120 миллиард еуро бөледі


Еуропа Одағының саммитіне жиналған мемлекет басшылары. Брюссель, 28 маусым 2012 жыл.

Еуропа Одағының саммитіне жиналған мемлекет басшылары. Брюссель, 28 маусым 2012 жыл.

Еуропа Одағы елдерінің басшылары Брюссельде өтіп жатқан саммитте экономикалық өсімге жол ашатын жедел шараларды жұүзеге асыру туралы келісімге келді. Бұл мақсатқа 120 миллиард еуро бөлінетін болды.

Бұл келісімдер туралы бейсенбіде саммитте Еуропа кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей хабарлады.

Еуропа Одағының жетекшілері қазір ең өзекті мәселе - қаржы дағдарысын реттеуді талқылап жатыр. Бейсенбідегі жиында транспорт, энергетика және сандық технология салаларындағы инвестициялық жобаларға 5 миллиард еуро бөлінетінін туралы да белгілі болды.

Саммит жұма күні де жалғасады.
XS
SM
MD
LG