Accessibility links

Бүгін Лондон Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді


ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының белгісі
ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының белгісі
Бүгін кешке Ұлыбритания астанасында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталады.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі шамамен үш сағатқа жалғасып, оны Лондон стадионында 80 мың көрермен, ал күллі әлем бойынша миллиард адам тікелей эфир арқылы теледидардан тамашалайтын болады деп жоспарланған.

Бүгін Букингем сарайында Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизавета мен оның жұбайы Филип ханзада Олимпиаданың ашылуына әлемнің әр түкпірінен келген мемлекет және үкімет басшыларына арнап ресми қабылдау өткізеді. Оған қатысатындар арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар екендігі бұған дейін хабарланған.

Жанкүйер қауым алдағы үш апта бойы Лондон Олимпиадасына әлемнің 204 елінен қатысатын 10 мыңнан астам спортшының жүлдеге тағайындалған мың медаль үшін өзара бәсекесін қадағалайтын болады.
XS
SM
MD
LG