Accessibility links

АҚШ Пәкістанға миллиард доллардың жәрдемін берді


Джон Аллен (сол жақта) мен Ашфак Парвез Кайянидің кездесуі. Рауалпинди, 2 тамыз 2012 ж.

Джон Аллен (сол жақта) мен Ашфак Парвез Кайянидің кездесуі. Рауалпинди, 2 тамыз 2012 ж.

АҚШ Пәкістанға террорға қарсы операциялар өткізуге бір миллиард доллардан астам қаржылай көмек берді. Бұл туралы Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Джон Алленнің бейсенбіде Пәкістанға сапары барысында хабарланды.

Аллен Пәкістан армиясы бас штабының бастығы Ашфак Парвез Кайяни және өзге де жоғары әскери тұлғалармен кездесті. Ауғанстандағы НАТО күштеріне арналған жүкті Пәкістан аумағы арқылы жеткізуді қайтадан қалпына келтіру туралы келісім жасалды. Тараптар ауған-пәкістан шекарасының қос беткейіндегі қауіпсіздік ахуалын жақсартуға қатысты мәселелерді талқылаған.

Былтыр қараша айында НАТО күштерінің жаңылысып әуеден берген соққысы салдарынан пәкістандық 24 сарбаз қаза тапқан соң Пәкістан өз аумағы арқылы Ауғанстанға жүк тасымалдауды тоқтатып тастаған еді.
XS
SM
MD
LG