Accessibility links

Ресей Куриль аралдарына әскери кемелерін жіберді


Куриль аралдары. Көрнекі сурет.

Куриль аралдары. Көрнекі сурет.

Ресей Куриль аралдарына әскери теңіз кемелерін аттандырды. Кемелер онда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан совет теңізшілерінің құрметіне өтетін "Еске алу жорықтарына" қатысады. 25 тамыздан 17 қыркүйекке дейін жалғасатын сапарда әскери теңіз флотының отряды үш аралға барады.

Ресей билігінің бұл қадамы аралдарды 1945 жылы совет әскері басып алғаннан бері өзінікі санап, таласып келген Жапонияға ұнамауы мүмкін. Токио аралдар Жапонияның бір бөлігі екенін айтып, оларды қайтаруды Мәскеуден бірнеше рет талап еткен.

Территориялық дау 2010 жылы сол кездегі президент Дмитрий Медведев Куриль аралдарына барған кезде шиеленісе түскен.
XS
SM
MD
LG