Accessibility links

Британ ханзадасы қызмет атқаратын базаға шабуыл жасалды


Гильменд провинциясындағы бақылау бекетінде тұрған британдық әскерилер. Ауғанстан, 2 шілде l2012 ж.

Гильменд провинциясындағы бақылау бекетінде тұрған британдық әскерилер. Ауғанстан, 2 шілде l2012 ж.

Ауғанстанның оңтүстігінде Гильменд провинциясындағы британдық Camp Bastion әуе базасына жасалған шабуылдан америкалық екі теңіз жаяу әскері қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланған.

Америкалық шенеуніктің айтуынша, әскери базаны минометтер мен гранатометтен атқылап шабуыл жасаған талибандық 16 бүлікшінің көзі жойылған. Шабуыл салдарынан әуе базасындағы бірнеше ұшаққа зақым келген.

Қазір осы Camp Bastion базасында британ ханзадасы Гарри де әскери қызмет атқарып жатыр. Ханзаданың шабуылдан дін аман екені хабарланды.

Соңғы кездері Ауғанстандағы НАТО-ның әскери базаларына шабуылдар күрт жиілеп кетті. Жоспар бойынша, 2014 жылға дейін бұл елден шетелдік әскер құрамы толық шығарылуы тиіс.
XS
SM
MD
LG