Accessibility links

Қызылордада Айтқұловтың соты басталды


Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасы Амангелді Айтқұлов.

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасы Амангелді Айтқұлов.

Қызылорданың мамандандырылған ауданаралық сотында Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Амангелді Айтқұловтың соты басталды. Бұл туралы сот кеңсесінің меңгерушісі Майра Мұхамбетқалиеваға сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Амангелді Айтқұловқа "аса ірі көлемде пара алды және қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Тергеушілердің айтуынша, Айтқұлов 2008 жылы "Өзенмұнайгаз" компаниясы директорының орынбасары болып тұрған кезде "Өзенқұрылыс" компаниясының директорынан пара алған.
XS
SM
MD
LG