Accessibility links

Жезқазғанда су басқан үйлер саны 105-ке жетті


Су басқан үйлер. (Көрнекі сурет).

Су басқан үйлер. (Көрнекі сурет).

Жезқазғанда су басқан үйлердің саны 105-ке жетті деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қыркүйектің 29-ы күні Жезқазғанда нөсер жаңбырдан сел жүріп, Қостанкелді ықшамауданында 32 үйді су алған. Топан су кезінде 2 адам (36 жастағы әйел мен бес жасар бала) қаза тапқан. Алғашқы мәліметтер бойынша, оларды электр тогы соққан.

Қала әкімдігінің хабарына қарағанда, су басқан үйлердің тұрғындары уақытша тұрақтарға жайғастырылып, медициналық көмекпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қаланың коммуналдық қызметі су басқан үйлерден суды арнайы техникамен сыртқа шығарып жатыр.

Құтқару жұмыстарына 128 адам мен 53 техника жұмылдырылған.
XS
SM
MD
LG