Accessibility links

Ресей "Мұсылмандар пәктігі" фильміне тыйым салды


Мәскеудің орталығында мұсылмандар исламды қаралайтын фильмге қарсы наразылық акциясына шықты. Мәскеу, 21 қыркүйек 2012 жыл.
Мәскеудің орталығында мұсылмандар исламды қаралайтын фильмге қарсы наразылық акциясына шықты. Мәскеу, 21 қыркүйек 2012 жыл.
Мәскеудің Тверь аудандық соты исламға қарсы "Мұсылмандардың пәктігі" фильмін экстремистік деп танып, оған тыйым салды.

Ресей әділет министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, АҚШ-та түсірілген фильм "ұлттық және діни алауыздықты тудыратындықтан" экстремистік туынды деп танылған.

Өткен аптада Грозныйдың аудандық соты да фильмге қатысты осындай шешім шығарған.

Ресей үкіметі егер Google компаниясы иелігіндегі YouTube сайтындағы фильмді көруге шектеу қоймаса, сайтты бұғаулап тастайтынын ескерткен.

Google-дің Ресейдегі өкілдігі бұған жауап ретінде "сот тиісті шешім шығарса, фильмді Ресейде көруге шектеу қоятынынан" хабардар еткен.

Әлемнің бірнеше мемлекетінде мұсылмандар фильмге қарсы бірнеше апта бойы наразылық шараларын өткізді. Ресейдегі мұсылман қауымы да фильмге наразылық танытты.

Қазақстанда да "Мұсылмандар пәктігі" фильмін экстремистік деп танып, тыйым салу туралы сот отырысы өтетіні хабарланған.
XS
SM
MD
LG