Accessibility links

Олимпиада жүлдегерлері Жаңаөзенге барды


Қазақ боксшысы Серік Сәпиев - Лондон Олимпиадасының чемпионы. 12 тамыз 2012 ж.
Қазақ боксшысы Серік Сәпиев - Лондон Олимпиадасының чемпионы. 12 тамыз 2012 ж.
Биыл жазда Лондонда өткен жазғы олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан қатысып жүлдемен оралған боксшылар Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко және Марина Вольнова бүгін Жаңаөзен қаласына барады деп хабарлайды lada.kz сайты.

Олар бокстан Қазақстан федерациясының кубогы үшін Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының командалары арасындағы жарыстың құрметті қонағы ретінде шақырылған. Жарыс бүгін жергілікті уақытпен сағат 15.00-те басталады.

Бұл сапарында Олимпиада жүлдегерлері жергілікті жас боксшыларға шеберліктің қыр-сыры туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөліседі.
XS
SM
MD
LG