Accessibility links

Қызылордада жол апатынан 5 адам мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Бүгін түнде Қызылорда облысында «Опель» жеңіл автокөлігі мен жүк таситын машина соқтығысып, бес адам қаза тапты деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға жергілікті уақытпен 03 сағат 10 минут шамасында Шиелі ауданының аумағында Шымкент-Самара автокөлік жолында болған.

Жол-көлік апатына ұшыраған жеңіл автокөлікте келе жатқан жүргізуші мен төрт жолаушы оқиға болған жерде көз жұмған.
XS
SM
MD
LG