Accessibility links

Тәжікстан соты құқық қорғау ұйымын жапты


Тәжікстандық "Ампаро" құқық қорғау ұйымының мүшелері. Ходженд, 24 қазан 2012 жыл.
Тәжікстандық "Ампаро" құқық қорғау ұйымының мүшелері. Ходженд, 24 қазан 2012 жыл.
Тәжікстанның Ходженд қаласының соты құқық қорғаумен айналысатын "Ампаро" ұйымын "лицензиясыз жұмыс істеді" деген себеппен жапты. Сот шешіміне әділет министрлігінің ұйымды мекен-жайының өзгергені туралы мәліметті уақытында хабарламады деп айыптауы себеп болды. Үкіметтік емес ұйымның адвокаты Джунаид Ибодов ұйымға қарсы істің саяси астары бар екенін айтады.

"Ампаро" ассоциациясын 2005 жылы тәжіктің отыз шақты жас заңгері құрған. Ассоциация тәжік әскерилері құқықтарының бұзылуы, азаптау мәселелері және адам құқықтарын қорғаумен айналысты. Ұйым қызметкерлері халықтың құқықтық сауатын жақсартуға бағытталған семинарлар мен онлайн-дискуссиялар да өткізді. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы елдегі адам құқықтарына қатысты есептерінде осы ұйымның деректеріне сүйеніп келді.

"Ампаро" белсенділері сот үкіміне шағымданатындарын айтады.
XS
SM
MD
LG