Accessibility links

Арнайы қызмет Татарстанда терактінің алдын алғанын айтады


Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі бүгін Татарстанның астанасы Қазан қаласында сәрсенбіде болған арнайы операция мұсылмандардың құрбан айт мейрамы күндеріне жоспарланған ірі террористік шабуылдардың алдын алды деп хабарлады.

Федералдық қауіпсіздік қызметі содырлардың 26 қазанда Қазанның халық көп жүретін бөліктерінде ірі көлемде теракті жасамақ болғаны туралы мәлімет алғанын айтады.

Қауіпсіздік қызметінің хабарына қарағанда, кешегі арнайы операция кезінде үш бүлікші мен арнайы жасақтың бір сарбазы қаза тапқан. Содырлардың өткен жылы жазда ресми мұсылман дінбасыларына жасалған шабуылдарға да қатысы бар екені айтылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG