Accessibility links

Референдумның күн тәртібіне жаңа сұрақтар қосылды


Оппозиция қыркүйек айында ұсынған жалпыхалықтық референдумда күн тәртібіне шығаратын мәселелеріне толықтырулар мен түзетулер енгізді.

Бүгін бұл туралы Алматыда референдумды ұйымдастырушылар баспасөз жиынын өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, күн тәртібі қалыптасқан жағдай мен қоғамдық пікірді ескере отырып өзгертілген.

Референдумның күн тәртібіне енді Қазақстанның Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктен шығуы, "заңсыз жекешеленіп кеткен" стратегиялық кәсіпорындар мен компанияларды ("ENRC, "Қазақмыс", "Қазмырыш", "Миттал Стил", "Халық банкі") мемлекет меншігіне қайтару мәселелері кірмек. Әкімдерді сайлау мен Қазақстанда атом электр станциясын салуға және халықаралық ядролық отын банкін құруға жол бермеу мәселелері де референдум сұрақтарына қосылып отыр.
XS
SM
MD
LG