Accessibility links

Теміртауда газет редакциясына өрт қойды


Өрттен зардап шеккен "Зеркало" газеті редакциясы бөлмелерінің бірі. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
Өрттен зардап шеккен "Зеркало" газеті редакциясы бөлмелерінің бірі. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
"Зеркало" газетінің редакциясына өрт қойғаны туралы Азаттық тілшісіне басылым қызметкерлері хабарлады.

Редакция қызметкерінің айтуына қарағанда, бүгін таңертең белгісіз біреулер ғимарат терезесін сындырып, кеңсеге жанғыш сұйықтығы бар шөлмек лақтырған. Редакцияның жартысы өртенген. Журналистер зардап шеккен адам жоғын айтады.

Ал Tengrinews веб-сайтының хабарлауынша, облыстық прокуратура оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты. Басылым журналистерінің өздері өртті кәсіби қызметтеріне қатысы бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG