Accessibility links

Ресей Су-24 ұшағымен ұшуды уақытша тоқтатты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресей әскери-әуе күштерінің бас қолбасшысы Су-24 әскери ұшақтарының әуеге көтерілуіне уақытша тыйым салды. Бұл туралы бүгін қорғаныс министрлігінің өкілі хабарлаған.

Мұндай шешімге кеше түнде Ростов облысында болған төтенше оқиға себеп болған. Оқу-жаттығудан кейін Морозовск аэродромына қонар сәтте алаңнан сыртқа шығып кетіп лаулап жана бастаған Су-24 ұшағынан екі әскери ұшқыш катапульттың көмегімен шығып үлгерген. Олардың хал-жағдайы қанағаттанарлық деп хабарланды.

Бұның алдында, 30 қазанда Ресейдің Челябинск облысында оқу-жаттығулары кезінде жерге құлап түскен Су-24 ұшағының экипажы - 2 адам катапультті іске қосып аман қалған еді.
XS
SM
MD
LG