Accessibility links

Премьер: Ұсталған поляк пен Брейвиктің байланысы бар


Польша премьер-министрі Дональд Туск. Варшава, 30 мамыр 2012 жыл.
Польша премьер-министрі Дональд Туск. Варшава, 30 мамыр 2012 жыл.
Польша премьер-министрі Дональд Туск "үкімет өкілдерін өлтіруді жоспарлады" деген күдікпен тұтқынға алынған адам мен өткен жылы 77 адамды өлтірген норвегиялық Андерс Брейвиктің арасында байланыс бар" деді.

Сейсенбіде Польша құқық қорғау орындары парламент үйінде жарылыс жасамақ болды деген күдікпен ер адамды ұстаған еді. Кейін оның "парламент үйінде президент, премьер-министр мен депутаттар болған мезетте жарылыс жасамақ болғаны" анықталған. Одан жарылғыш заттар мен қару-жарақтар тәркіленген.

Дональд Тусктің айтуынша, "тұтқындалған адам Брейвикті үлгі тұтады".

Құқық қорғау орындарының хабарлауынша, "Тұтқындалған адам Краков қаласында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Ешқандай саяси партияның мүшесі емес, бірақ оңшыл радикалды көзқарасты ұстанады".
XS
SM
MD
LG