Accessibility links

ЕО өкілі Қазақстандағы адам құқықтары мәселесін көтермек


Еуропа Одағының адам құқықтары жөніндегі өкілі Ставрос Ламбринидис. 3 тамыз 2012 жыл.
Еуропа Одағының адам құқықтары жөніндегі өкілі Ставрос Ламбринидис. 3 тамыз 2012 жыл.
Еуропа Одағының (ЕО) адам құқықтары жөніндегі жаңа өкілі Ставрос Ламбринидис Қазақстан мен Ресейдегі адам құқықтарын қорғау мәселесімен белсенді түрде айналысатынын мәлімдеді. Еуропа парламентінде сөйлеген Ламбринидис қызметіне тағайындалған төрт айдан бері аталған бағытта Астана және Мәскеумен бірлесе жұмыс істей бастағанын айтып, диалогты одан ары жалғастыруға уәде берді.

Ламбринидистің айтуынша, ол Қазақстан билігімен таяуда сотталған оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың ісін талқылауға ниетті.

Козлов 2011 жылы желтоқсан айында болған Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыпты деп танылып, жеті жарым жылға сотталған еді.
XS
SM
MD
LG