Accessibility links

Египет конституциясы шариғат негізінде түзіледі


Конституциялық ассамблея мүшелерінің конституция жобасына дауыс беру кезі. Каир, 29 қараша 2012 жыл.

Конституциялық ассамблея мүшелерінің конституция жобасына дауыс беру кезі. Каир, 29 қараша 2012 жыл.

Египеттің конституциялық ассамблеясы шариғатты жаңа конституцияның негізін құрайтын заң ретінде сақтап қалуға бірауыздан дауыс берді. Конституцияда шариғаттың экс-президент Хосни Мүбәрәк кезінде қолданылған нұсқасы да өзгеріссіз қалатын болды.

Египет конституциясының жобасы дайындалып қойған. Енді ассамблея ондағы 234 баптың әрқайсысын жеке-жеке дауысқа сала бастады. Сарапшылардың көпшілігі "конституция жобасының мақұлдануы президент Мұхаммед Мурси таяуда өз құзіретін күшейткеннен соң туындаған саяси дағдарысты шешуге септігін тигізеді" деп үміттенеді.

Дегенмен оған күмән келтіретіндер "конституцияны асығыс қабылдау жағдайды тек қиындата береді" деп санайды.

Елде Мурсидің өз құзіретін күшейткеніне наразылар мен оның жақтаушылары арасында соңғы аптада жанжалдар туындап, екі адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG