Accessibility links

Грузияда 250 сотталушы саяси тұтқын атанды


Парламенттің адам құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Эка Беселья. Тбилиси, 12 тамыз 2011 жыл.

Парламенттің адам құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Эка Беселья. Тбилиси, 12 тамыз 2011 жыл.

Грузия парламенті ел түрмелерінде жазасын өтеп жатқан 190 адамды саяси тұтқындар деп жариялады.

Парламент бұған қоса шетелдерде тұрып жатқан 25 Грузия азаматын саяси босқындар деп таныды.

Саяси тұтқын мәртебесін алған сотталушылардың арасында 2004 жылдан бері президент Михаил Саакашвили тұсында істі болған бұрынғы үкімет мүшелері де бар.

Парламенттің адам құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Эка Беселья қазір рақымшылық туралы заң жобасы дайындалып жатқанын, "саяси тұтқындардың" барлығы таяуда босатылатынын айтты.

Қазан айында Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" оппозициялық коалициясы парламент сайлауында жеңіске жетіп, үкіметті жасақтағаннан бері Саакашвилидің "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясына қатысы бар ондаған шенеуніктің үстінен іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG