Accessibility links

Египетте судьялар референдумға бақылау жасайды


Президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары оның суретін ұстап, акция өткізіп тұр. Каир, 9 желтоқсан 2012 жыл.

Президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары оның суретін ұстап, акция өткізіп тұр. Каир, 9 желтоқсан 2012 жыл.

Египет судьялары жаңа конституция дауысқа салынатын 15 желтоқсандағы референдум барысын бақылауға келісті. Ал әкімшілік мемлекеттік кеңес өкілдері президент Мұхаммед Мурсидің жақтастарын жоғарғы конституциялық сот ғимараты алдындағы акцияларын тоқтатуға шақырды.

Референдум қарсаңында Мурси армия бөлімдеріне мемлекеттік мекемелерді қорғауды тапсырған еді. Оның бұйрығы бойынша, әскерилер "қоғамдық тәртіпті сақтау үшін" полициямен бірлесе жұмыс істейді.

Сейсенбіде оппозиция жаңа наразылық акцияларына шығуды жоспарлап отыр. Египетте Мурсидің жақтастары бірнеше күннен бері оны қолдаған акциялар өткізіп келсе, президентке қарсылар наразылық шерулерін өткізіп жүр. Екі жақтың бір-бірімен және полициямен қақтығысында онға тарта адам қаза тапты.

Елдегі шиеленісті бәсеңдету үшін Мурси бұған дейін өз құзіретін күшейту туралы қабылдаған конституциялық декларацияның күшін жойған еді. Бірақ ол конституциялық референдум белгіленген мерзімде өтетінін нығарлай айтты.
XS
SM
MD
LG