Accessibility links

Алматыда Тұрғанбек Стамбековпен қоштасу рәсімі өтті


ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Тұрғанбек Стамбеков (ортада). Алматы, 26 шілде 2012 жыл.
ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Тұрғанбек Стамбеков (ортада). Алматы, 26 шілде 2012 жыл.
"Ан-72" ұшағы апатынан қаза болған шекара қызметі басшыларының бірі Тұрғанбек Стамбековпен қоштасу рәсімі Алматыдағы ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің академиясында өтті.

Қоштасу жиынына марқұмдардың туыстары, ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов қатысты. Қоштасу жиынына Қырғызстан шекара қызметінің басшысы да келді.

Марқұм мен оның жұбайы Кеңсай зиратына жерленеді.

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адам түгел қаза тапты. Ұшақта Тұрғанбек Стамбековпен бірге оның әйелі Сәуле Стамбекова да болған. Қазір марқұмдардың 21-інің мәйіттері танылып, туыстарына берілді.

Прокуратура ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғап, сарапшылар апат себебін тексеріп жатыр.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG