Accessibility links

Католик шіркеуінің кардиналдары Римге жиналды


Католик шіркеуі кардиналдарының жиыны. (Көрнекі сурет).
Католик шіркеуі кардиналдарының жиыны. (Көрнекі сурет).
Католик шіркеуінің дүние жүзіндегі кардиналдары жаңа папаны сайлау процесіне дайындықты бастау үшін Римге жиналды.

Кардиналдар алқасы жаңа папаны сайлайтын конклав жиынына дейін күн сайын жиналып тұрмақ. "Шіркеу басшылары" ретінде танымал кардиналдар католик шіркеуіне қатысты болашақ мәселелерді талқылап, папалық қызметке кандидаттарды жасырын түрде ұсынады.

Конклав жиыны келесі аптада Сикстин капелласында өтеді деп жоспарланып отыр. Оған 115 кардинал қатыспақ.

Бұған дейінгі Рим папасы XVI Бенедикт ақпанның соңында "денсаулығына байланысты" өз еркімен қызметінен кеткен еді. Наурыздың ортасында оның орнына жаңа папа сайлануы тиіс.

Ресми дерек бойынша, дүниежүзінде 1,2 миллиард адам католик дінін ұстанады.
XS
SM
MD
LG