Accessibility links

Ватиканда жаңа папаны сайлау басталады


Бұрынғы Рим папасы 16 Бенедикт кардиналдармен соңғы кездесуінде. Ватикан, 28 ақпан 2013 жыл.
Бұрынғы Рим папасы 16 Бенедикт кардиналдармен соңғы кездесуінде. Ватикан, 28 ақпан 2013 жыл.
Ватиканда бүгін Рим папасын сайлайтын конклав жиыны басталады. Рим папасын сайлау құқына ие 115 кардинал алғашқы дауыс беру процесі өтетін Сикстин капелласына жиналады.

Папаны сайлау процесі өте құпия түрде өтеді. Сайлау нәтижесін капелла мұржасынан қандай түтін көтерілетініне қарап болжауға болады. Капелладан ақ түтін шыққаны жаңа папаның сайланғанын білдіреді. Егер қара түтін шықса, онда папа әлі анықталмады деген сөз. Конклавтағы дауыс беру бірнеше күнге созылатын кездер де болады.

Бұған дейінгі папа 16 Бенедикт ақпанның соңында "денсаулығына байланысты" қызметінен кеткен еді. Ол - католик шіркеуінің тарихында 600 жылдан бері өз еркімен қызметінен кеткен алғашқы папа болып отыр.
XS
SM
MD
LG