Accessibility links

Айтқұловтың үкімі өзгеріccіз қалды


Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Амангелді Айтқұлов.
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Амангелді Айтқұлов.
Кассациялық сот алқасы Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Амангелді Айтқұловқа шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Сот Айтқұловты 2012 жылы 12 қарашада "аса ірі көлемде пара алды", "аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенді" және "қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдаланды" деген айыптар бойынша кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айырған еді. Үкім бойынша ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп, мүлкі тәркіленетін болған. Амангелді Айтқұлов кейін апелляциялық шағым беріп, үкім өзгеріссіз қалған. Бұдан соң Айтқұлов пен оның адвокаты кассациялық шағым түсірген еді.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық соттың кассациялық алқасы 5 наурызда әуелгі үкім мен апелляциялық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Амангелді Айтқұлов Жаңаөзен оқиғасынан кейін, 2012 жылдың ақпанында тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG