Accessibility links

Ресейде ҮЕҰ-ларды жаппай тексеріп жатыр


Amnesty International-дың Ресейдегі өкілдігінің директоры Сергей Никитин. Мәскеу, 23 мамыр 2012 жыл

Amnesty International-дың Ресейдегі өкілдігінің директоры Сергей Никитин. Мәскеу, 23 мамыр 2012 жыл

Ресми орындар тексеріп жатқан үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ішінде Amnesty International да бар.

Amnesty International-дың Мәскеудегі өкілдігінің директоры Сергей Никитин ұйымның мүлік-мүкәммалын "күтпеген жерден" тексеріп жатқанын растады.

- Дүйсенбі таңертең Мәскеу прокуратурасы мен салық комитетінің өкілі кеңсемізге келіп, бірқатар құжаттардың көшірмесін алғылары келетінін айтты. 15 минут өтпей жатып өздерін НТВ журналистері деп таныстырған адамдар есігімізді қағып тұрды, - деді Сергей Никитин.

Жергілікті Адам құқықтары қозғалысы да кеңселерінде тінту жасалғанын айтты. Қозғалыс жетекшілерінің бірі Александр Букварев прокуратура, салық комитеті мен әділет министрлігінің өкілдері 25 наурыз күні кеңселеріне келгенін хабарлады.

- Оларға ешқандай құжаттарымызды бермейміз. Осының алдында ғана тексерген. Бар құжаттар әділет министрлігінде жатыр, - деді ол.

Қозғалыс басшысы Лев Пономарев Мәскеу қалалық прокуроры Сергей Куденеевке шағым түсірген.

Өткен аптада бүкіл Ресей бойынша жүздеген үкіметтік емес ұйымдардың кеңселері тінтілген. Олардың ішінде "Мемориал" сияқты белгілі ұйымдар да бар.
XS
SM
MD
LG