Accessibility links

Қырғызстанда екі министр отставкаға кетті


Қырғызстанның бұрынғы энергетика министрі Автандил Қалмамбетов.

Қырғызстанның бұрынғы энергетика министрі Автандил Қалмамбетов.

Қырғызстанда екі министр белгісіз жағдайда отставкаға кетті. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, энергетика министрі Автандил Қалмамбетов пен әлеуметтік даму министрі Кылычбек Сұлтанов қызметінен бас тартқан.

Президенттің баспасөз қызметі Қалмамбетовтің өзге қызметке ауысқанын хабарлағанымен, лауазымын атамады. Ал Сұлтановтың неге отставкаға кеткені белгісіз.

Осыдан бірнеше күн бұрын Кылычбек Сұлтанов вице-премьер Камила Талиеваны үкімет отырысында қатты сынаған еді. Талиева үкіметте әлеуметтік мәселелерге жауап береді.
XS
SM
MD
LG