Accessibility links

Сирия премьер-министріне қастандық жасалды


Сирия премьер-министрі Ваэл әл-Халки.

Сирия премьер-министрі Ваэл әл-Халки.

Сирия мемлекеттік телеарнасы бүгін премьер-министр Ваэл әл-Халкидің кортежіне Дамаскінің Мезза ауданында қастандық жасалғанын хабарлады. Мемлекеттік Sana агенттігі қастандықта адам шығыны болғанын мәлімдеп отыр. Қастандықтан премьердің өзі аман қалған.

Кортежге жанкешті шабуыл жасағаны, әлде жасырылған бомба жарылғаны әзірге белгісіз болып тұр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жарылыстан премьердің оққағары мерт болған.

Мезза ауданы - Дамаскінің үкімет күштерінің бақылауындағы, әскери әуежайы бар ауданы. Сирия әскері мен өздерін көтерілісшілер деп атайтын топтар арасында Дамаскінің айналасында бірнеше айдан бері қақтығыс жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG