Accessibility links

ЕО Бангладештегі еңбек қауіпсіздігіне алаңдайды


Құлаған ғимараттың үйіндісі. Бангладеш, Дакка, 25 сәуір 2013 жыл.

Құлаған ғимараттың үйіндісі. Бангладеш, Дакка, 25 сәуір 2013 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) Бангладештегі сегіз қабатты ғимарат құлағаннан кейін, бұл елдегі еңбек етуге жасалған жағдайға алаңдаушылық білдірді.

ЕО мәлімдемесінде Бангладештегі еңбек жағдайын жақсартуға арналған шаралар қолданатынын айтқан. Мәселен сауда-саттық саласында бұл елге ЕО тарапынан жасалған жеңілдіктер уақытша алынып тасталатыны ескертілген. ЕО - бұған дейін Бангладештің ірі сауда әріптесі болып келген еді.

Құлаған ғимараттан табылып жатқан мәйіттер күннен күнге көбейіп келеді. Қаза тапқан адам саны 413-ке жетті. 600 адам әзірге "жоғалғандар" санатында.

Заңсыз салынған бұл ғимарат сәуірдің 24-і күні құлаған еді. Онда Еуропа мен Канада тұрғындарына арнап киім тігетін жұмысшылар істеген.
XS
SM
MD
LG