Accessibility links

Тамерлан Царнаев АҚШ-та жерленді


Тамерлан (оң жақта) мен Джохар Царнаевтар Бостонда жарылыс болған күні оқиға орнында жүр. (Видеодан жасалған скриншот). 18 сәуір 2013 жыл.
Тамерлан (оң жақта) мен Джохар Царнаевтар Бостонда жарылыс болған күні оқиға орнында жүр. (Видеодан жасалған скриншот). 18 сәуір 2013 жыл.
АҚШ полициясының дерегінше, Бостондағы жарылысқа байланысты күдікке ілініп, полициямен атыста оққа ұшқан Тамерлан Царнаев жерленген. Оның қайда жерленгені айтылмады.

Күдіктінің мәйіті 19 сәуірден бері ешбір қала зираттарынан орын бермегендіктен Ворчестердегі жерлеу бюросында жатқан. Ворчестер полициясының өкілі Керри Хейзелнаттың айтуынша, «марқұмды жерлеуге батыл және жанашыр адам көмектесті».

Сәуірдің 15-і күні ​Бостон қаласында дәстүрлі түрде өтетін марафон кезінде бомба жарылып, 3 адам мерт болып, 260-тай адам жараланған еді.

Арада бірнеше күн өткенде полиция ағайынды Тамерлан (26 жаста) мен Джохар (19 жаста) Царнаевтардың ізіне түсті. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты, ал сәуірдің 19-ы күні қала шетінде тірідей қолға түскен Джохар Царнаев қазір қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG