Accessibility links

Ердоған шерушілермен кездесті


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 13 маусым 2013 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 13 маусым 2013 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған екінші аптаға созылған үкіметке қарсылық шерулерін тоқтату мақсатында Анкарада шерушілермен кездесті.

Кездесуге дейін Ердоған шерушілерді Гези паркін босатуға шақырып, "соңғы рет ескерту жасаған". Соңғы ақпараттарға қарағанда, жұмаға қараған түні Гези паркі мен Таксим алаңында мыңдаған адам болған.

Осыдан екі күні бұрын биліктегі Әділет және даму партиясы елде Гези паркінде құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы референдум өткізуді ұсынған еді.

31 мамыр күні Гези паркіндегі құрылысқа қарсы акция болып, полиция оны күшпен таратқан соң бірнеше қалада қарсылық шерулері басталған. Демонстрациялар екі аптаға созылып, маусымның 11-інде Стамбулда Гези паркіне жақын Таксим алаңына арнайы полиция жасағы кіргізілді. Полиция шерушілерді қуып тарату үшін су, көзден жас ағызатын газ қолданды.

Стамбул мэрі демонстранттармен Таксим алаңында келіссөздер жүргізуді ұсынды.

Наразылық шерулері басталғалы бері үш адам қаза тауып, 5 мыңнан астам кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG