Accessibility links

Хорватия Еуропа Одағы құрамына кірді


Еуропа Одағының тулары, Брюссель. Көрнекі сурет.
Еуропа Одағының тулары, Брюссель. Көрнекі сурет.
Хорватия 1 шілдеде Еуропа Одағы (ЕО) құрамына 28-мемлекет болып кірді.

4,4 миллион халқы бар Хорватия бұрын социалистік Югославияның құрамында болған. Бұл ел ЕО құрамына кіруге алты жылдан бері келіссөздер жүргізді.

Бұрынғы Югославия құрамында болған елдерден әзірге Словения мен Хорватия ғана ЕО-ға мүше.

ЕО мүшесі атанғанына қарамастан, Хорватия Шенген визасыз аймағына әзір қосылмайды және еуроны қолданысқа енгізе алмайды.

Елде соңғы бес жыл бойына экономикалық дағдарыс орнап, жұмыссыздық деңгейі 20 пайыздан түспей отыр.
XS
SM
MD
LG