Accessibility links

Жараланған өзбек шекарашысы көз жұмды


Қырғыз-өзбек шекарасындағы бақылау мұнарасы. Көрнекі сурет.
Қырғыз-өзбек шекарасындағы бақылау мұнарасы. Көрнекі сурет.
Қырғыз-өзбек шекарасындағы атыста жараланған екінші шекарашы қайтыс болды.

Сейсенбі күні екі ел шекарашылары арасында атыс болып, бір өзбек шекарашысы оқиға орнында қаза тауып, екіншісінің жараланғаны хабарланған еді.

Азаттық радиосының Өзбек қызметінің хабарлауынша, екінші шекарашы ауруханада қайтыс болды.

Кеше Қырғзыстанның Жалалабад облысы Ақсы ауданының Жетизагара деп аталатын жерінде үш қырғыз шекарашысы мен екі өзбек шекарашысының арасында атыс болған.

Қазір оқиға орнында екі ел комиссиясы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG