Accessibility links

Палестина-Израиль келіссөздері 14 тамызда жалғасады


Джен Псаки, АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы.

Джен Псаки, АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы.

АҚШ мемлекеттік департаменті "Израиль мен Палестина делегациялары арасында жүріп жатқан тікелей келіссөздердің келесі кезеңі 14 тамызда Иерусалимде өтетінін" хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джен Псаки келіссөздердің тағы бір раунды Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Иерихон қаласында өтетінін айтты. Бірақ оның нақты қай уақытта болатыны әзірге белгісіз.

Псакидің сөзінше, Иерусалимдегі келіссөздерге АҚШ-тың арнайы өкілі Мартин Индик те қатысады.

Израиль мен Палестина өткен аптада, үш жыл үзілістен соң, келіссөздерді Вашингтон қаласында қайта бастаған еді. Вашингтондағы бұл кездесулерге Мемлекеттік хатшы Джон Керри қатысты. Бірақ 14 тамызда Иерусалимде басталатын келіссөздерге ол бармайды.

Псаки Израильдің Палестинамен арадағы даулы территорияға жаңадан 800 үй салу туралы жоспарына қатысты Ақ үйдің пікірін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, "АҚШ Израильдің елді мекендер аумағын кеңейту әрекетін заңсыз деп таниды".
XS
SM
MD
LG