Accessibility links

Прокурор Харламовтың ісін қосымша тергеуді сұрады


Александр Харламов, шығыс қазақстандық құқық қорғаушы.

Александр Харламов, шығыс қазақстандық құқық қорғаушы.

Шығыс Қазақстандағы құқық қорғаушы, журналист Александр Харламовтың ісі бойынша Риддер қаласында өтіп жатқан сотта бүгін прокурор істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады.

Бұған дейін, 9 тамызда болған сот отырысында прокурор Харламовты төрт жылға соттауды сұраған еді.

Александр Харламовқа жергілікті басылым мен интернетте жарияланған, діни бағытта жазған материалдарының кейбіріне сараптама жасалып, ол бойынша "діни араздықты қоздырды" деген айып тағылған. Психологиялық, филологиялық сараптама жасаған мамандар "Харламовтың мақалаларында кейбір діндерге қатысты кері идеялар айтылады" деп тұжырымдаған.

Ал тәуелсіз сарапшылар "оның жазбаларында діни араздықты қоздыру белгілері жоқ" дейді.

Human Rights Watch халықаралық ұйымы мен АҚШ-тың дін бостандығы жөніндегі халықаралық комиссиясы бұған дейін Қазақстан билігін Харламовқа тағылған айыпты алып тастап, босатуға шақырған.
XS
SM
MD
LG