Accessibility links

"Мұсылман бауырлар" тағы наразылыққа шақырды


Наразылық танытушыларды полиция ығыстырып келе жатыр. Каир, 14 тамыз 2013 жыл

Наразылық танытушыларды полиция ығыстырып келе жатыр. Каир, 14 тамыз 2013 жыл

Египетте биліктен тайдырылған президент Мұхаммед Мурсидің "Мұсылман бауырлар" қозғалысы жақтастарын жұма күні қайта наразылық шерулеріне шығуға шақырды. Ұйымның бұл үндеуі Египетте тағы да қақтығыстар болып, қан төгілуі мүмкін деген қауіп тудырып отыр.

Сәрсенбіде полиция мен әскер Каирде Мурси жақтастарының наразылық лагерьлерін күшпен таратты. Қақтығыстардан 600-ден астам адам құрбан болған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбіде Египеттегі жағдайға байланысты төтенше, жабық жиын өткізген. Қауіпсіздік кеңесі Египет үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға, ал қарсы тараптарды бітімге келуге шақырды.

Египеттің уақытша үкіметі халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде АҚШ президенті Барак Обаманың полиция әрекетін сынауына орай мәлімдеме жасады. Уақытша үкімет "Сын пікірлер мен айыптаулар нақты фактіге негізделмеген және ол қарулы топтарды жігерлендіре түседі" дейді.

3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан.
XS
SM
MD
LG