Accessibility links

Филиппиндегі апатта 200 адам хабарсыз кеткен


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жұма күні кешке Филиппиндегі Себу қаласының портына жақын маңдағы суда жолаушылар паромы жүк кемесімен соқтығысып, суға батып кеткен. Апат салдарынан кемінде 28 адам қаза тауып, 200-ден аса адам хабарсыз кеткен. Бұл туралы 17 тамызда Филиппиннің билік өкілдері хабарлаған.

Апат болған кезде паромда 870 адам болған. Жағалаудағы күзет қызметі, жергілікті балықшылар және өзгелердің көмегімен 600-ден аса адамның құтқарылғаны хабарланды.

Жолаушылар паромымен соқтығысқан жүк кемесі суға батпаған.
XS
SM
MD
LG