Accessibility links

Мексикадағы қақтығыс


28 тамызда Мексиканың Тихтла қаласында «халық жасағы» аталатын қарулы топ пен полиция арасында қақтығыс болды. Жасақ өкілдері полицейлер қаруын тартып алуға тырысты. Жасыл жейде киген олар полицияны «ұйымдасқан қылмысты астыртын қолдайды» деп айыптап, тұтқындалған мүшелерін босатуды талап етеді. Мексикада соңғы жылдары есірткі картельдерінің қолынан 70 мың адам қаза тапты. Тұрғындар «полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды» деп санайды. Елде үкіметке бағынбайтын, еріктілердің қарулы жасағы көбейді. Олар есірткі картельдерімен күресуді мақсат тұтады. Билік жасақтардың құрылуын тоқтата алмай отыр.

XS
SM
MD
LG