Accessibility links

Бахрейндегі наразылық


Бахрейндегі наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

Бахрейн полициясы 20 қазанда Ситра қаласында наразылық білдіріп көшеге шыққан ондаған адамға көзден жас ағызатын газ шашты. Наразылар полиция көлігіне тас пен жанғыш сұйық құйылған бөтелке лақтырды. Мамыр айында тергеу абақтысынан қашып кеткен 20 жастағы жігіттің жансыз денесі өткен жұма күні жағажайда табылған. Басынан және денесінен оқ тиген ол полициямен атыс салдарынан қаза болуы мүмкін деген сыбыс тараған. Жексенбі күні марқұмды жерлеген соң наразы топ полициямен қақтығысты. АҚШ-тың бесінші флоты орналасқан Бахрейнде 2011 жылы ақпанда сүнниттердің билікті меншіктеп алуына шииттер наразылық танытқалы бері саяси тұрақсыздық қалыптасты. Қауіпсіздік күштері шерушілерді басып-жаныштағанымен, әлсін-әлсін наразылықтар болып тұрады.

XS
SM
MD
LG