Accessibility links

Назарбаев пен Лукашенко телeфонмен сөйлесті


Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 20 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 20 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 24-25 қазанда Минскіде өтетін ТМД мемлекеті басшыларының саммиті қарсаңында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Назарбаев пен Лукашенко саммит қарауына ұсынылатын мәселелерді талқылап, Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес отырысы жайлы, екіжақты байланыстар туралы айтқан.

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесіп, 24 қазанда Минскіде өтетін Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне дайындық мәселелерін талқылаған.

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазан айының басында Астанаға ресми сапармен келіп кеткен.

Қазақстан мен Беларусь - Ресей құрған Кеден Одағына мүше елдер.
XS
SM
MD
LG