Accessibility links

Еуропада дауылдан 10 адам қаза болды


Ұлыбританияның оңтүстігінде теңізде тұрған дауыл туғызған толқын. 28 қазан 2013 жыл.
Ұлыбританияның оңтүстігінде теңізде тұрған дауыл туғызған толқын. 28 қазан 2013 жыл.
Ұлыбритания, Нидерланды, Германияның солтүстігінде тұрған дауыл салдарынан құрбан болғандар саны 10 адамға жетті. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбританияда - төрт адам, Германияда - үш адам, Франция, Нидерланды және Данияда үш адам мерт болған. Адам өліміне негізінен ағаштардың құлауы себеп болған.

Ұлыбританияның солтүстігі мен Уэльсте тұрған дауылдың жылдамдығы сағатына 160 километрге жетіп, 270 мың үй электр қуатынан ажыраған. Швеция мен Данияда кейбір ғимараттардың қирағаны туралы деректер бар.

Лондонның орталығындағы үкімет үйіне құрылыс краны құлап, премьер-министрдің орынбасары баспасөз жиынын кейінге шегеруге мәжбүр болды.

Лондонның Хитроу әуежайында 130 рейс, Амстердамның Схипхол әуежайында 55 рейс кейінге қалдырылды. Еуропаның ең ірі порты - Роттердамда кемелердің келіп-кетуі кешеуілдеді.

Ауа-райының қолайсыздығынан Германияның солтүстігінде теміржол қозғалысы шектелді. Дауылдан Францияның солтүстігінде де мыңдаған үй электр жарығынсыз қалды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Ұлыбританияда соңғы он жылда мұндай дауыл тұрмаған.
XS
SM
MD
LG