Accessibility links

Ресей мен Қытай БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне сайланды


БҰҰ кеңсесі, Нью-Йорк. Көрнекі сурет.
БҰҰ кеңсесі, Нью-Йорк. Көрнекі сурет.
Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, Въетнам және Куба құқық қорғаушылардың қарсылығына қарамастан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүше болып сайланды.

БҰҰ Бас ассамблеясы 12 қарашада Нью-Йоркте 14 елді Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүше етіп сайлады. Кеңеске барлығы 47 мемлекет мүше.

Human Rights Watch ұйымының дүниежүзілік үгіт-насихат бөлімінің басшысы Пегги Хикс "құқық қорғаушылар келесі жылы БҰҰ кеңесіне адам құқықтары ахуалы нашар елдерді кіргізбеуге жұмыс жасайды" деді. Оның сөзіне қарағанда, кеңеске жаңадан мүше болған бес ел - Ресей, Қытай, Сауд Арабиясы, Вьетнам және Алжир БҰҰ сарапшыларына өз елдеріндегі адам құқықтары жағдайын тексеруге рұқсат бермей қойған.

Кеңеске жаңадан мүше болған елдер арасында Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Марокко, Македония, Мексика және Мальдив аралдары бар. Кеңес өз жұмысын 2014 жылдың 1 қаңтарында бастайды.
XS
SM
MD
LG