Accessibility links

Қырғызстан Бакиевтің бауырын сырттай соттады


Жаныбек Бакиев - Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің інісі.

Жаныбек Бакиев - Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің інісі.

Қырғызстан соты экс-президент Құрманбек Бакиевтің бауыры Жаныбек Бакиевті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі оған сырттай шығарылды.

Жаныбек Бакиевке "қарақшылық жасады", "қарулы құрылымды ұйымдастырды" және "2010 жылы тамызда оппозиция жақтастарының акциясын күшпен тарату кезінде жүзге тарта адамның қазасына қатысы бар" деген айыптар тағылған еді.

Қырғызстанда 2005 жылы "қызғалдақ" төңкерісінің нәтижесінде билікке келген Құрманбек Бакиев 2010 жылы сәуірде президенттіктен қуылған еді. Оған да "үкіметке қарсы демонстранттардың өліміне қатысы бар" деген айып тағылған.

Ағайынды Бакиевтер қазір Минскіде бой тасалап жүр. Беларусь билігі Бішкектің талабы "саяси мақсатты көздейді" деп, оларды Қырғызстанға беруден бас тартқан.
XS
SM
MD
LG