Accessibility links

"Эйр Астана" ұшағынан кезекті рет ақау шықты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
"Эйр Астана" әуе компаниясының Астанадан Алматыға ұшып шыққан "А-321" ұшағы сол жақ қозғалтқышында ақау анықталған соң, Астана әуежайына қайта оралды.

Қазақстан көліктегі ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 2 желтоқсанда болған. "22 сағат 35 минутта Алматыға ұшып шыққан "А-321" ұшағы сол жақ қозғалтқышындағы температураның көтерілуінен 23 сағат 30 минутта Астана әуежайына келіп қонды" делінген хабарламада.

Ұшақта 85 жолаушы мен экипаждың он мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ.

Жарты сағат тексеруден өткізіліп, ақауы жөнделген соң ұшақ Алматыға қайта ұшып кеткен. Қазір алдын-ала тергеу жүргізіліп жатыр.

"Эйр-Астана" компаниясына тиесілі ұшақтардың апатты жағдайда әуежайға кері қайтуы бұған дейін де болған. Қазан айының соңында Астанадан Ақтауға ұшып шыққан "Embraer-190" ұшағынан, қараша айының соңында "Алматы-Бангкок" бағытында ұшып шыққан "Боинг-767/300" ұшағынан ақау табылып, әуежайға кері қайтқан еді.
XS
SM
MD
LG