Accessibility links

Қырғызстан Кеден Одағына кіру құжатын қабылдамады


Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Жоомарт Оторбаев.

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Жоомарт Оторбаев.

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Жоомарт Оторбаев "Қырғызстанның Кеден Одағына кіру туралы жол картасы қабылдауға жарамайды" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол 11 желтоқсанда Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен өткен жиын барысында айтты.

Оторбоев жол картасын бұрынғы совет елдерінің интеграциясына бақылау жасайтын Еуразиялық экономикалық комиссияның бір өзі ғана жасағанын айтып, шағым білдірді.

Оның айтуынша, жол картасын дайындауға қырғыз сарапшылары қатыстырылмаған. Сондықтан құжат осы қалпында қабылданса, оның ақыры Қырғызстанда "әлеуметтік проблемалар тудырып, тұрақсыздыққа әкеп соқтыруы мүмкін" екендігі айтылды.

Жиынды қорытындылаған Атамбаев "Бішкек әрқашан Қырғызстанның ұлттық мүдделерін бірінші кезекке қоятынын" айтты.

Қырғызстан экономика министрі Темір Сариев бір жыл бұрын өз елінің Кеден Одағына 2014 жылы кіруге ниетті екенін айтқан еді.

Кеден одағы 2011 жылы құрылған, оның құрамында Ресей, Қазақстан және Беларусь бар.
XS
SM
MD
LG