Accessibility links

Киевте арнайы жасақ Тәуелсіздік алаңын қоршады


Киевтегі полиция жасағы. Көрнекі сурет
Киевтегі полиция жасағы. Көрнекі сурет
Киевте "Беркут" арнайы жасағының сарбаздары Украинаның Еуропа Одағымен интеграциялануын талап еткен "Еуромайдан" акциясы өтіп жатқан Тәуелсіздік алаңына өтетін жолды жауып тастады.

Украиналық УНИАН агенттігінің хабарлауынша, милицияның алты автобусы Еуропа алаңын Тәуелсіздік алаңымен жалғайтын көшені жапқан. Метроның алаңға шығатын жолына да автобустар кесе-көлденең қойылған. Еуропа алаңында "Беркут" арнайы жасағының сарбаздары тұр.

Киевте 21 қарашадан бері үкіметтің Еуропа Одағымен еркін сауда және саяси ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқанына наразылық акциялары өтіп келеді. 30 қарашада "Беркут" жасағы акцияға қатысушыларды күшпен таратқан еді. Ал 1 желтоқсан күні Киевте мыңдаған адам наразылық шерулеріне шығып, қала мэриясын басып алған.

19 желтоқсанда Украина Жоғарғы радасы наразылық акцияларына қатысқандарға рақымшылық жариялау туралы заң қабылдаған. Демонстранттарға қатысты барлық іс жабылып, айыптылар босатылатын болды.
XS
SM
MD
LG