Accessibility links

Қытайда Мао Цзедунды еске алып жатыр


Мао Цзедуннің портреті. (Көрнекі сурет)

Мао Цзедуннің портреті. (Көрнекі сурет)

Қытайдың коммунистік партиясы Қытай Халық Республикасын құрған Мао Цзедунның туғанына 120 жыл толғанын елеусіз түрде ғана атап өтіп жатыр. Қытай президенті Си Цзиньпин мен партияның өзге алты басшысы бүгін Маоның бальзамдалған денесі қойылған мавзолейге барды.

Мемлекеттік ақпарат құралдары Мао Цзедуннің "ұлы көшбасшы" болғанын, бірақ өзінің "кейбір қателіктерін мойындағанын" да жазып жатыр. People's Daily газеті Маоны еске алудың экономикалық реформаларды бұдан ары жалғастырудан басқа ең жақсы жолы жоқ деп жазды.

Мао Цзедун Қытайды 27 жыл басқарып, 1976 жылы қайтыс болды. Маоның билігі тұсында Қытайда оның түрлі науқандары мен реформаларынан, оның ішінде Үлкен секіріс саясаты мен Мәдени төңкерісінен 40 миллионға тарта адам құрбан болған.

Бұған дейін Қытай коммунистік партиясы Мао атқарған істің "70 пайызы дұрыс, 30 пайызы қате болды" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG