Accessibility links

Ангела Меркель шаңғыдан жамбасын зақымдап алды


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель 6 қаңтарда Швейцарияда шаңғы теуіп жүріп жарақаттанып қалды. Меркельдің ресми өкілінің айтуынша, ол жазық жерде шаңғы теуіп жүріп жамбас сүйегін зақымдап алған. Сүйегі шытынаған Меркель енді алдағы үш аптаға жоспарланған кездесулері мен сапарларын кейінге қалдыруға мәжбүр болып отыр.

Өткен аптада "Формула-1" жарысынан әлемнің жеті мәрте чемпионы Михаэль Шумахер де Францияда тау шаңғысы шипажайында басын қатты жарақаттаған. Шумахердің миына екі рет операция жасалып, қазір ол Гренобль қаласында ауруханада әл үстінде жатыр.
XS
SM
MD
LG