Accessibility links

АҚШ Оңтүстік Кореядағы әскерін көбейтпек


Оңтүстік Кореяда әскери жаттығуда жүрген АҚШ сарбаздары. 8 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Кореяда әскери жаттығуда жүрген АҚШ сарбаздары. 8 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ Оңтүстік Кореядағы әскери контингентін жаңа бронды танк батальонымен толықтырады. АҚШ қорғаныс министрлігінің 7 желтоқсанда хабарлауынша, құрамында 800 әскери қызметкер, 40 Abrams M1A2 әскери көлігі мен 40 Bradley танкі бар батальон 1 ақпаннан бастап орналаса бастамақ.

Пентагон өкілінің айтуынша, Оңтүстік Кореядағы америкалық әскер санын көбейту қарулы күштерді Тынық мұхит аймағына қарай қайта орналастыру стратегиясының бір бөлігі.

Оңтүстік Кореяда қазір 28 мыңға жуық америкалық әскер бар. Мұндағы АҚШ әскерін көбейту бұған дейін жоспарда болған еді.

Оңтүстік Корея ақпарат құралдарының хабарлауынша, америкалық жаңа бронды танкі батальоны Корей түбегін бөліп тұрған қарусыздандырылған аймақтың оңтүстігіндегі Кенгидо провинциясына орналаспақ.
XS
SM
MD
LG