Accessibility links

Ирактағы "әл-Қаида" Фаллуджадан кете бастады


Фаллуджаны басып алған "әл-Қаида" жақтастары Ирак үкіметіне наразылық танытып тұр. Фаллуджа, 7 қаңтар 2014 жыл.

Фаллуджаны басып алған "әл-Қаида" жақтастары Ирак үкіметіне наразылық танытып тұр. Фаллуджа, 7 қаңтар 2014 жыл.

"Әл-Қаида" ұйымымен байланысты "Ирак пен Левант ислам мемлекеті" тобының сарбаздары Ирактың Анбар провинциясындағы Фаллуджа қаласынан кете бастады. Енді Фаллуджа мен провинция орталығы Рамадиде үлкен әскери операциялар жүргізудің қажеті болмай қалуы мүмкін.

"Әл-Қаидамен" байланысты ұйым сарбаздары үкімет әскері Фаллуджаны қала мен оның маңайына орналасып, шабуылға дайындала бастағанда тастап кете бастаған.

Ал содырлар басып алған Рамадидегі жағдай Ирак қауіпсіздік күштерінің толықтай бақылауына өткен.

8 қаңтарда Рамадиде кейбір банктер мен дүкендер қайта ашылып, базарлар жұмыс істей бастады.

Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики Анбардағы жағдайға байланысты жергілікті тұрғындарды үкімет әскерінің "әл-Қаида" сарбаздарына қарсы күресіне қолдау білдіруге шақырды.
XS
SM
MD
LG